Жаңалықтар
Біз сені ренжітпейміз: Қызылордалық әйелдің құлынды еркелеткен видеосы көпшілікті елжіретті

Фото: видеодан скрин
Қызылордада анасынан айырылған құлынға бесік жырын айтып, еркелеткен әйелдің видеосы желі қолданушыларына ерекше әсер етті, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Бұл видео TikTok желісінде 2 млн-ға жуық қаралым жинап үлгерген. Zamzagulgakeseeva есімді желі қолданушысы анасынан айырылған құлынды еркелетіп тұрған видеосын парақшасына жүктеген.
Видеода құлынның әйелдің құшағында еркелеп тұрғанын көруге болады. Ал бесік жырын айтып әндеткен әйел құлынға » ақылдың, анасын сағынған екен ғой. Біз сені ешкімге ренжітпейміз» дейді.
Желі қолданушылары «Жануарларда мейірім мен адалдық адамдардан артық «, «Жануар екеш, жануар да ана махаббатына зәру», «Жылулық жануарға да керек екен», «Жылы сөзді сезіп тұр» деп пікір жазған.
Бұл видео желі қолданушыларына ерекше әсер еткенін және құлынды көбірек салып тұруын айтып пікір қалдырған. Ал видео авторы күнделікті құлынның серуендеу, тамақтану сәтін желіге жүктеп жүр.