Жаңалықтар

ШҚО тұрғыны желіде жұлдыз боламын деп алаяққа жем болды

фото: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны әлеуметтік желіде оқырмандар санын көбейтемін деп ақшасынан қағылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, желі жұлдызы боламын деп алаяқтың арбауына түскен 32 жастағы тұрғын өз аккаунтын танымал ету әрі аккаунттағы жазылушылар санын көбейту үшін хабарландыру бойынша жүгінген. Маман қызметі үшін 100 мың теңгеден астам қаражат алған. Алайда фоловерлер саны көбеймеген, ал өзі жоғалып кеткен.

Тәртіп сақшылары күдіктіні көрші облыстың 19 жастағы тұрғыны екенін анықтаған. Ол бұл әрекетін мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері барлық азаматты қырағы болуға, ешкімге, ешбір жағдайда қолма-қол ақша бермеуге, белгісіз қосымшаларды орнатпауға және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close