Жаңалықтар

Қарағандыда көші-қон қызметі барлық ықшам ауданда жұмыс істейді

Қарағандыдағы көші-қон қызметі орталығы қыркүйек айынан бастап қаланың барлық ықшам аудандары үшін жұмыс істейтін болады.

Ал әзірге Оңтүстік Шығыс пен Михайлов аудандарын ғана қамтып отыр. Кеншілер шаһарына барған Парламент Мәжілісінің депутаттары осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Айта кету керек, мұнда көші-қон полициясы мен орталық мамандары тарапынан 27 қызмет түрі көрсетіледі. Еңбек миграциясын ұзарту, медициналық анықтама беру, фотоға түсіру және саусақ таңбаларын алу, тұрғылықты мекен-жай бойынша уақытша тіркеу сынды рәсімдер бір орталықтан жасалады. Мұның барлығы цифрлық жүйеде жүзеге асырылып, арнайы мәліметтер базасында сақталады. Жыл басынан бері орталық мамандары өзге мемлекеттің 7,5 мың азаматына қызмет көрсеткен.
Мансұрхан Махамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: — Еңбек мигранттары бізге келеді, еңбектерін жасайды. Олар алғашқы тіркеуден өткенімен, кейінгі тіркеуден өтпей қалып жататын. Олар әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл салынады. Оның өзін төлемей шекарадан өтіп кететін. Ал қазір цифрлық жүйенің арқасында миграциялық орталық қызметкерлері шекарадағы мәліметтермен бірдей байланыс жасап, мерзімін өткізіп алып жұмыс істеп жатқандарды анықтап отырады.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/335835-ara-andyda-k-shi-on-yzmeti-barly-y-sham-audanda-zh-mys-istejdi

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close