Жаңалықтар

Президент Қ.Тоқаевтың Азия қаламгерлерінің І форумында сөйлеген сөзінен

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Азия қаламгерлерінің І форумында сөйлеген сөзінен

Құрметті қаламгерлер!
Қадірлі қауым!
Азия ақын-жазушыларының алғашқы форумы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен өткізілуде.
Біздің халқымыз рухани мұраларын сақтап, ұлттық тарихын зерттеуге, мәдениетін жан-жақты қолдауға әрдайым баса мән береді.
Бұл берік ұстаным Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде жаңа сипат алып отыр.
Қазақ әдебиеті – халқымыздың сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан асыл қазына.
Тұтас түркінің ортақ мұралары «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» жырлары мен «Қорқыт ата кітабы» – әдебиетіміздің түп-тамыры.
Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи сынды ұлы тұлғалардың еңбектері ислам дәуіріндегі түркі жұртын төрткүл дүниеге танытты.
Алтын Орда заманындағы жыраулық поэзия дәстүрі өз жалғасын тауып келеді.
Төл әдебиетіміздің асқар шыңға шығуы ұлы ойшыл Абайдың даналық болмысымен тығыз байланысты.
Оның шығармалары – жалпы адамзатқа ортақ рухани жауһарлар.
Бүгінде төл әдебиетіміздің көкжиегі кеңейіп, әлем әдебиетінің даму көшіне қосылды.
Қазақ қаламгерлерінің туындылары арқылы дүние жүзі жұртшылығы ұлттық руханиятымызды танып білуде.
Қазақстандық 30 жазушы мен 31 ақынның шығармалары Біріккен Ұлттар Ұйымының
6 тіліне аударылып, жарыққа шыққалы отыр.
Осы туындылар 5 құрлықтағы 90-нан астам елге, яғни екі жарым (2,5) миллиард оқырманға тарайды.
Бұл – қазақ әдебиеті тарихында бұрын-соңды болмаған бірегей оқиға.

“Ұлы даламыз – сан алуан өркениеттер мен мәдениеттердің куәсі.
Еліміз алып құрлықтың батысы мен шығысын, күнгейі мен теріскейін жалғаған тоғыз жолдың торабында орналасқан.
Біз – бір кездері Ұлы Түрік Қағанатынан мирас болған түркілік тегімізді сақтай білген халықпыз.
Бүгінгі түркі жұртының теңдессіз жетістіктері сол дәуірлерден қалған ұлы мұралармен тығыз байланысты.
Азия – ұлы өркениеттердің дүниеге келуіне, өркен жаюына, кейін тарих қатпарына сіңіп, қалыптасуына куә болған көне құрлық.
Араб, парсы, қытай, үнді өркениеттері – адамзат тарихының ажырамас бөлігі.
Шығыс мәдениеттері сан алуан сипаттарына қарамастан өзара астасып жатыр.
Азия халықтары өркениеттер қақтығысына ұшырамай, етене үндестікте дамуының басты сыры да – осында.”

Берік Уәлидің фб парақшасынан

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close