Мәдениет

«Басқаша айта алмаймын»: Айсәуле Бақытбек жігіттерді «малға» теңеді

Фото: ашық дереккөз

Желі жұлдызы, блогер Айсәуле Бақытбек тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес беремін деп, ерлердің ашуына тиді, – деп хабарлайды  qandastar.kz  politico.kz-ке сілтеме жасап.

Блогер оқырманның “Қандай жігіттерді таңдаған дұрыс?” деген сауалына жауап берді.

“Интеллектісі жоғары жігітті таңдаңыздар. “Мал” жігіттер көп. Оларды басқаша айту мүмкін емес. Ондай жігіттердің түрінен-ақ көрініп тұрады. Бірақ соларға қыздар мүмкіндік береді. Ниеті таза жігітпен танысыңдар. “Таза” сөзінің ішіне бәрі кіреді. Көкірек емес жігіттермен қарым-қатынас құрыңдар. Екі сөйлемейтін, сөздерін аяқасты етпейтін жар жолықсын. Басқаның көзінше сені жақсы көретінін мойындайтын, үнемі жылы сөз айтатын жігітке қараңдар. Болашақ жардың мінезі мен болмысы да өте маңызды. Мейірімді болуы керек. Егер жігіттің біреуді алдағанын көрсеңіз, кетіңіз”, – деп кеңес айтты Айсәуле. 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close