Жаңалықтар

Елімізде көлік тіркеу қызметі уақытша тоқтатылады

Бұл қызмет түрі электрондық үкімет порталында да қол жетімді болмайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс бөлімінің директоры Мұрат Жұманбайдың Facebook парақшасына сілтеме жасап. «Құрметті көлік иелері! 2019 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректер базасындағы техникалық жұмыстарға байланысты көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттарды қабылдау сағат 10.30-дан 12.30-ға дейін және 17.00-ден 19.00-ге дейін тоқтатылады. Түсіністікпен қарауды сұраймыз», — делінген хабарламада. Айта кетейік, дәл осы қызмет түрі осы уақыт аралығында электрондық үкімет порталында да қолжетімді болмайды.

Дереккөз: inform.kz

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close