Жаңалықтар

Қазпошта азаматтарға алаяқтардан сақтануды ескертеді

Қазпошта қолданушылардың жеке деректерін жинап, оны өз мақсаттарында пайдаланатын алаяқтар сақ болуды ескертеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Қазпоштаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілерде Қазпошта атынан қолданушылардың жеке деректерін жинап, оны өз мақсаттарында пайдаланатын алаяқтар пайда болды деп ескертеміз. Бұл ақпарат дұрыс емес және алаяқтық болып табылады. «Қазпочта» АҚ өткізетін барлық акциялар мен конкурстар Post.kz сайты мен әлеуметтік желілерде жарияланады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ жарнама Қазпошта бөлімшелерінде және БАҚ-та жарияланатындығын ескертеді. Азаматтарға сақ болуды, күмәнді сілтемелерді ашпауды және жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеуді сұрайды.

Дереккөз: 24.kz/

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close