Жаңалықтар

Ауған соғысы ардагері Жұмат Құдайбергенұлымен кездесу өтті

Мамыр айының жиырма төртінші жұлдызында «Жастар жылы 2019» аясында Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі ұйымдастырған «Азаматтық борыш» жобасы аясында Алматы қаласы курсант, студенттердің қатысуымен Ауған соғысы ардагері Жұмат Құдайбергенұлымен кездесу өтті.

Кездесу барысында ардагер аталарымыз сұрапыл соғыс кезіндегі бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, студент жастардың сұрақтарына жауап берді. «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры Арман Әубәкір ардагерлерге төсбелгі тақты.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close