Жаңалықтар

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек кімге тағайындалады

Қазақстан Республикасы азаматтары;
оралмандар;
босқындар, шетелдіктер, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың міндетті шарты кедейлік шегінен аспайтын орташа жан басына шаққандағы табысы болып табылады. Кедейлік шегі – кiрiстiң адамның ең аз қажетiн қанағаттандыру үшiн қажеттi шегi, тоқсан сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінен пайызбен анықталады.
Әлеуметтік атаулы көмек тағайындауға кімнің құқығы жоқ?

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының 2-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы жоқ:
мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды,
күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды,
студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды,
I және II топтардағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда,
халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қайда өтініш жасау керек?
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттармен:
«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не;
немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жасау қажет.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау келесі құжаттар пакетінің негізінде жүзеге асырылады:
белгіленген үлгі бойынша өтініш;
өтініш берушінің жеке куәлігі;
отбасының құрамы туралы мәліметтер;
өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтері;
жеке қосалқы шаруашылығы туралы мәліметтер;
тұрғылықты жері бойынга тіркеуін растайтын құжат немесе мекенжайлық анықтама;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда әлеуметтік келісім шарттың көшірмесі.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартымен қызмет берушімен құжаттар пакетін тіркеу сәтінен мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі – 7 (жеті) жұмыс күні белгіленеді.
Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері қалай анықталады?
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының 7-бабына сәйкес адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептейді. Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close