Ықтияр хат

Қандай жағдайларда тұруға рұқсат берілмейді?

Қолданыстағы заңнаманы  және барлық ресмиліктерді сақтағанда көші-қон полициясының органы тұрақты тұруға рұқсат беруге міндетті. Рұқсатты және тұру ықтиярхатын алуды жеңілдете алатын жағдайлар деп мыналарды атауға болады:

  • шетелдіктің Қазақстанда тууы;
  • бұрын болған қазақстандық азаматтық;
  • Қазақстанда жақын және алыс туысқандардың болуы;
  • Қазақстанда баланың тууы.

Тұру ықтиярхатын алуда арнайы жеңілдіктер көзделмеген. Жоғарыда көрсетілген жағдайлар рұқсат алуды жеңілдетпейді, бірақ тұрақты тұруға қалдыру үшін себептер негіздемесі болып табылады, сол себепті оларды өтініште растайтын құжаттарды қоса берумен көрсеткен жөн.

Рұқсатты беруден мынадай жағдайларда бас тартуы мүмкін:

  • заңсыз келген, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған   иммигранттарға;
  • сотталғанға дейiн тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
  • адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;
  • этникалық қазақтарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған бұрынғы отандастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негiзiнде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу құқығы бар адамдар мен олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерлерде өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн растауды ұсынбағандар;
  • Қазақстан Республикасында шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған;
  • ұлтаралық және дiни араздықты өршіткен;
  • іс-әрекеттерi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған;
  • Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырған;
  • ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы болған;
  • ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;
  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдаухатпен өтiнiш жасаған кезде жалған құжаттарды ұсынған не өзі туралы көрінеу жалған мәлiметтер хабарлаған немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде дәлелді себепсіз ұсынбаған;
  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты берген кезге дейін бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген;
  • егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алған және тұрақты тұруға рұқсат берілген күннен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз тұрып жатқан;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарымен некелескен, осы некесі тұруға ықтиярхатты   алу үшін негіз болған, егер бұл неке заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылса
  • Қазақстан республикасының  халықтың көші-қоны, салық салу  және еңбек заңнамасы саласындағы  құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған;
  • Ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатер төндіретін;
  • «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21 бабы 8) тармақшасында көзделген  негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
  • Қазақстан Республикасына келуге қарсы айғақ болып табылатын аурулары бар көшіп келушілерге;
  • егер олар бұрын “Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы” 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған болса.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close