Жаңалықтар
Үкімет басшысы сарапшылардың басын қосып, экономиканы дамыту мәселесін талқылады
Фото:Үкімет
Үкімет басшысы сарапшылардың басын қосып, экономиканы дамыту мәселесін талқылады, деп жазды qandastar.kz
Жиында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин еліміздегі қазіргі экономикалық жағдай туралы баяндап, өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, өңірлерде өсімнің жаңа мүмкіндіктерін іске қосу жөніндегі міндеттерді шешу үшін салық-бюджет реформасын жүргізу тәсілдерін айтты. Кездесуге қатысушылар мемлекеттік қаржыны тұрақтандыру және оларды тиімді пайдалану шаралары бекітілген жаңа Салық және Бюджет кодекстері жобаларын талқылады. Отырыс барысында сарапшылар салық-бюджет саласын реформалау бойынша бірқатар ұсыныс тастады. Үкімет басшысы оны министрлерге пысықтауды тапсырды.