
Қазақстанда 2026–2027 жылғы жылыту маусымына дайындық қарқын алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Биыл электр стансаларын жөндеу жұмыстарына 384 млрд теңге бөлініп отыр.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға көп.
Энергетика саласындағы қаражат электр энергиясының тарифі есебінен қалыптасады.
Әрбір станса ең алдымен тозуы жоғары жабдықтарды жөндеуге басымдық береді.
Қазір ерекше бақылауға алынған бес жылу энергетикалық нысан бар.
Олар – Семей, Орал және Тараз қалаларындағы жылу электр орталықтары, Ақтаудағы ЖЭО-2 мен Теміртаудағы ГРЭС-1.
Жыл соңына дейін электр стансаларындағы жабдықтардың орташа тозу деңгейін 52%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.
Бұл алдағы қыс маусымын тұрақты өткізуге мүмкіндік береді.



