Жаңалықтар

«Қарқын баяулады»: Бектенов Алматы ЖЭО жобалары туралы

Үкімет отырысында Олжас Бектенов Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту жұмыстарының барысына қатысты сын айтты. Оның сөзінше, жобалардың орындалу қарқыны төмендегені жөнінде мәлімет түскен, деп хабарлайды QANDASTAR порталы.

Премьер-министр жауапты тараптардан атқарылып жатқан жұмыстар туралы нақты есеп талап етті.

Самұрық-Энерго басшысы Қайрат Мақсұтов бұл жобалардың ерекше бақылауда екенін мәлімдеді. Ол құрылыс жұмыстарын жеделдету үшін мердігер ұйымдарға үш ауысымды жұмыс тәртібін енгізу тапсырылғанын айтты.

Сондай-ақ, нысандарға қосымша жұмыс күші тартылып, жалпы саны 1,5 мыңға жуық адам жұмылдырылатыны, негізгі жабдықтар жеткізілгені хабарланды.

Үкімет басшысы жобалардың нақты жағдайын көзбен көру үшін жауапты тұлғалардың нысандарға барып, тексеру жүргізуін тапсырды. Ол жұмыстардың белгіленген мерзімінен кешікпеуі тиіс екенін ерекше ескертті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button