Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматыдағы үш адамның өмірін қиған жол апаты: күдікті тергеу изоляторына ауыстырылды

Алматыда үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына қатысты күдікті тергеу изоляторына жеткізілді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұған дейін ол медициналық мекемеде айдауыл күзетімен болған, ал сот санкциясымен қамауға алынған.

Полиция мәліметінше, қазір күдікті қылмыстық іс аясында қамауда ұстауды жалғастыру үшін тергеу изоляторына ауыстырылған.

«Қазіргі уақытта ол қылмыстық іс аясында қамауда ұстауды жалғастыру үшін тергеу изоляторына жеткізілді», — делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, қайғылы жол апаты 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында болған.

Mercedes пен Zeekr автокөліктері соқтығысып, салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды.

Қаза тапқандар – Mercedes көлігінің 29 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, 20 және 22 жастағы қыздар.

Ал Zeekr жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі – «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу» бойынша іс қозғалды.

Бұл бап 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button