Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қарағандыда екі мотоцикл соқтығысты: адам шығыны бар

Қарағандыда мотоциклдердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы екі адамның өмірін қиды.

Қайғылы жағдай 16 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Шет ауданына қарасты Ағадыр ауылында болған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, бір бағытта келе жатқан екі мотоцикл соқтығысқан.

Апат салдарынан 37 және 17 жастағы жүргізушілер оқиға орнында көз жұмды.

Тағы бір адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу амалдары басталды.

Мамандар жол апатының нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Қарағанды облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Ведомство өкілдері жылдамдықты асырмау, көлік құралын абайлап басқару және өзге қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажет екенін ескертті.

Сондай-ақ полиция мотоцикл жүргізушілеріне шлем мен арнайы қорғаныс құралдарын міндетті түрде қолдану қажеттігін тағы да еске салды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button