Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматыда қайшыға құлаған балаға дәрігерлер көмек көрсетті

Дәрігерлер екі жастағы баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Үй жағдайында болған оқыс оқиға салдарынан екі жастағы бала ауыр жарақат алды. Қайшымен жүгіріп жүрген сәби сүрініп құлап, өткір зат маңдай тұсына кіріп кеткен.

Жедел жәрдем қызметі баланы шұғыл түрде Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізді. Науқас бірден жансақтау бөліміне ауыстырылып, дәрігерлер жедел операция жасап, қайшыны алып тастады. Кейін бала жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдады.

Дәрігерлердің бағалауынша, баланың жағдайы ауыр болған. Онда әлсіздік, мазасыздық, құсу, терінің бозаруы және жарақат аймағында айқын ісіну белгілері байқалған.

Компьютерлік томография нәтижесінде бас сүйегінің сол жақ маңдай бөлігінің көп жарықшақты сынуы, сүйек сынықтарының ми тініне енуі және басқа да қатар жүретін зақымданулар анықталды. Дәрігерлер ауыр ашық бас-ми жарақаты және ми соғылуы диагнозын қойды.

Ота шамамен 10 минутқа созылып, оны дәрігер Николай Кутырев жүргізді.

Бала бір апта бойы мамандардың бақылауында болып, қажетті ем алды. Нәтижесінде оның жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды. Алдағы уақытта ол тұрғылықты жері бойынша невропатологтың бақылауында болады.

Медицина қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында баланың өмірі мен денсаулығы сақталып қалды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button