Жаңалықтар

Биыл «Zhastar online» жобасын «Адырна» бірлестігі қолға алды

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Zhastar online» жобасын қолға алды. Жоба барысында онлайн қызықты акциялармен, тартымды сұхбаттарды жиы жарияланып, қала жастарының бос уақытын тиімді пайдалануына түркі болмақ. Бұдан тыс, жұмыспен қамту, жастар біліктілігін арттыру, мемлекеттік жастарды қолдау бағдарламаларымен таныстыру сияқты пайдалы мәліметтерді де ел назарына жиы ұсынбақ.

Бірлестік бұдан өзге AlmatyJastary.kz сайтын жаңартып, тың ақпараттармен толықтырмақ. Сайттың басты мақсаты – Алматы қаласында жастардың тыныс-тіршілігін, салауатты өмір салтын, ғылым мен білімді, белсенді де білікті жастарды елге таныту. Биыл «Жастар жылы» болғандықтан, Қазақстандағы жастар саясаты сайт арқылы жаңа қырынан насихатталмақ.

 

Жансая Сман
«Адырна» ұлттық порталы

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close