Тіркеуге тұру

Қандас мәртебесін ұзарту тәртібі

Қандас мәртебесін ұзарту үшін оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мақсатында Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған этникалық қазақтар мемлекеттік корпорацияға не жергілікті атқарушы органға Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес бұдан бұрын берілген қандас мәртебесін ұзарту туралы өтініш береді.

Қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімді Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган алты айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды.

Жергілікті атқарушы орган өтініш берушінің деректерін «қандас» ААЖ арқылы өтініш берушіде қандас мәртебесін тоқтату және оның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы туралы мәліметтердің болуы тұрғысынан тексереді.

Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қандас мәртебесін ұзарту туралы не қандас мәртебесін ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

«Қандас» ААЖ арқылы өтініш берушінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанын растау, Қағидалардың 22-тармағында көзделген өтініш беру мерзімінің өтуі қандас мәртебесін ұзартудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close