Әлеумет және қоғам

Блогер жәннәтті ақшаға сатып алуға болатынын айтты

Фото: скрин

Блогер осыған қатысты ойын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz

«Жамағат, ораза не болып жатыр өзі? Неше түрлі ғайбат жазылып жатыр. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде “егер адамдар жаман сөзден, ғайбаттан тыйылмаса, таңнан кешке дейін аш жүргендерің Аллаға керек емес” дейді. Қазақта аузын жауып жүрген балық, қармаққа түспейді деген жақсы сөз бар. Біріншіден, бұл барлықтарыңа сынақ болып тұр. Екіншіден, бұл ешқандай логикаға сыймайтын нәрсе емес. Бұл тек қана атеистердің логисына сыймайды. Әйтпесе бұл нәрсе мұсылманның иманына сыяды», — деді Жанәділ Райымбеков.

Оның сөзінше, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) “Осман жәннәтті сатып алды, әрі одан кейін ол не істесе де, оған зиянын тигізбейді” деген. Пайғамбарымыз қабыл болған қажылықтың сыйы жәннәт деген.

«Қажылыққа сені ешкім тегін апармайды. Саған ұшақ тегін билет бермейді. Арабтар саған қонақ үйден тегін бөлме бермейді. Сен оны сатып аласың. Қазір қажылықтың бағасы 7 000 доллар. 7 000 доллармен қажылығың қабыл болып келсең, сен жәннәттық боласың», — деп айтты блогер.

Ол адам басына бәле келе жатқанда садақа беріп, одан қашуына болатынын мысалға келтірді.

«Садақа бәле-жаланы қайтарады дейді. Яғни біреуге берген 10 000 теңге садақаң немесе Алла жолында жұмсалған 1 000 долларың сені миллиондаған, миллиардтаған мәселелерден аман алып қалуы мүмкін. Бұл өмірде талай мұсылманның басынан өткен оқиға. Менің өзімнің де басымнан талай өтті. Бұл мәселе атеистердің логикасына ғана сыймайды», — дейді Жанәділ Райымбеков.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close