Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады

Атеистерді «сиырмен» салыстырған Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мәлімдеді.

«Өзін діни «ұстаз» ретінде таныстыратын Нұржан Смағұлов Instagram әлеуметтік желісінде азаматтарды қорлау белгілері бар пікірлер айтылған видеоматериалдарды жариялаған», — делінген мәлімдемеде.

Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот шешімімен Смағұлов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Оған 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, яғни 108 125 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button