Білім

Сенат депутаты: Қазақстанда жасөспірім қыздар арасындағы ерте жүктілік мәселесі ушығып барады

Фото: википедиа

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп соңғы бес жылда елімізде жасөспірім қыздардың ерте жүктілік көрсеткіші 1,5 есеге артқанын, әсіресе Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстарындаерте босану жағдайлары көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz

Депутат бұл мәселе білім беру және денсаулық сақтау салаларының жіті бақылауын қажет ететінін атап өтті.

“Ерте ана атану жас қыздар мен олардың балаларының денсаулығына айтарлықтай зиян тигізеді. Бұл олардың білім алуына, толыққанды дамуына кері әсер етеді. Сондықтан да профилактикалық шараларды күшейтіп, жастардың хабардарлығын арттыру қажет. Дәрігерлік және психологиялық қызметтердің қолжетімділігін жақсарту маңызды”, – деді Нұртөре Жүсіп.

Оның пікірінше, бұл мәселеге кешенді түрде қарау керек. Жасөспірімдердің денсаулығы мен болашағына қауіп төндіретін факторларды азайту үшін мектептерде тәрбие жұмыстары күшейтіліп, ақпараттық-түсіндіру шаралары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close