Әлеумет және қоғам

Ақмола облысында жолды су басты

Фото:ТЖМ

Ақмола облысында «Көкшетау-Атбасар» автожолының учаскесі жабылды, деп хабарлайды qandastar.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

«6 сәуір сағат 11:00 шамасында Ақмола облысында «Көкшетау-Атбасар» автожолының 103-184 шақырым аралығында (Балкашино ауылы- Атбасар қаласы) қардың еруі салдарынан жол бөлігін су алуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», — делінген хабарламада.

Бұған дейін сағат 07:20-де «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасына» автожолының 917-997 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жақсы ауылы- Атбасар қаласы) көлік қозғалысы ашылғаны хабарланған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close