Жаңалықтар

Орынбор қазақтары Қазақстанға танымдық сапармен келді

«Отандастар Қоры» КеАҚ шетелде тұратын қазақтармен және қазақ мәдени орталықтарымен үнемі байланыста. Солардың бірі – «Орынбор аймақтық қазақ-ұлттық мәдени автономиясы» (әрі қарай – Қоғамдық ұйым).

Аталмыш Қоғамдық ұйымының өкілдері 2022 жылдың 17 ақпанында Қазақстанға танымдық сапармен келіп, «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамның жұмысымен, ұжымымен танысты. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес шетелдік қонақтар 18-19 ақпан күндері Нұр-Cұлтан қаласында қазақтың ұлттық мәдениеті, әдет-ғұрпы және қазақ тілі тақырыбына қатысты шеберлік сағаттарына қатысады.

Атап айтсақ, «Астана Балет» театрында ұлттық би өнері, Қазақ ұлттық өнер университетінде домбыра үйрену, «Hazifa шеберлік мектебінде» халқымыздың қолөнері, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Қазақ тілін оқытудың әдістемесі» бойынша шеберлік сағат өтеді. Сондай-ақ Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақтардың этногенезі. Қазақтардың Ресей Федерациясы территориясына қоныстану тарихы: Орынбор облысы. Қазақтардың дәстүрлі көшпелі шаруашылығы» тақырыптары аясында дөңгелек үстел мен дәріске қатысады. Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайында еліміздің тарихы туралы тың деректермен танысып, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында «Құнанбай» спектаклінің көрермені болады.

Танымдық сапардың басты мақсаты – өздері алыста тұрса да, Қазақстанға келіп, ұлттық құндылықтарды тану арқылы оларды Орынбор қазақтары арасында әрі қарай дәріптеу.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close