Жаңалықтар

Негізсіз жанар-жағармай бағасын қымбаттату жалғасуда

«Әділдік жолы» РҚБ Түркістан қаласы филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясындағы мониторинг нәтижесінде «Санатории Арман» АҚ-ы «AiS-OiL» жеке кәсіпкерінен жоғары бағамен жанар-жағармай алып, негізсіз артық төлеу сомасы 1 366 400 теңге құрағаны анықталды.

Еске сала кету керек, Энергетика министрінің м.а. осы жылдың 06 қаңтар күнгі №2 бұйрығы бойынша АИ-92 маркалы бензиннің шекті бағасы 182 теңге (ҚҚС қоса есептегендегі бағасы) деп көрсетілген. Алайда, 03 ақпан «Санатории Арман» «AiS-OiL» жеке кәсіпкермен келісім-шарт түзіп, 8 646 400 теңгеге 40 000 литр АИ-92 маркалы бензинді сатып алуға тапсырыс берген. Яғни, шекті құны 182 теңге жағармайдың литрін 216,16 теңгеге алған.

(https://www.goszakup.gov.kz/ru/egzcontract/cpublic/show/14465427)

Нәтижесінде негізсіз артық сома 1 366 400 теңгені құраған.

ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 7,20,21-баптарында бюджет қаражатын басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеттерінің бірі – бюджет қаражатын үнемдеу және тиімді жұмсау болып табылады деп көрсетілген.

Осылайша, «Санатории Арман» АҚ-ы жағармайды мемлекеттік реттеу бағасынан жоғары бағамен сатып алу арқылы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңымен қоса Энергетика министрлігінің бұйрығына теріс әрекет еткені анықталды.

Анықталған факт бойынша, 24 ақпан Табиғи монополияларды реттеу департаментіне хат жолданып, жауаптыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы өтініш білдірдік. Мұнымен қатар, келісім-шарттағы бағаны төмендету және қаражатты үнемдеу мақсатында Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хат жолдаймыз. 

 

Амангелді Қалыбек

«Әділдік жолы» РҚБ Түркістан қ. Филиал жетекшісі

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close