Жаңалықтар

«Жаңа Конституцияда Елбасы деген термин де жоқ!» — Денис Кривошеев

«Жаңа Конституцияда Елбасы жоқ!» Бұл туралы журналист Денис Кривошеев өзінің фейсбук парақшасында хабарлады, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы. 

Оның айтуынша, Конституциялық өзгертулер жобасында Тұңғыш Президенттің мәртебесі мен өкілеттігі туралы 46-бап алынып тасталды.

«Конституциядан Елбасы атағы туралы нормалар алынып тасталды.  Енді тіпті «Елбасы» деген термин де жоқ. Тұңғыш Президенттің мемлекеттің негізін қалаушы ретіндегі тарихи мәртебесі сақталды. Әркім өзінше ойлайды, бірақ мемлекет үшін бұл дұрыс шығар! Оның үстіне, 46-баптағы ерекшеліктер мен Назарбаевқа қатысты басқа да түзетулер отбасына қол сұғылмаушылық мәселесін алып тастайды», — деп жазды ол. 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close