ҚР азаматтығын алу

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет

  1. Өтініш беруші еркін нысанда толтыратын жеке өтініш.
  2. Іс қағазын көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері беретін сауалнама-өтініш.
  3. 3,5×4,5 см мөлшердегі төрт фотосурет (фотосурет өтініш берушінің жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75 пайызға жуығын алуы тиіс).
  4. Іс қағазының көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері беретін «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме.
  5. Соттылығының болуы немесе жоқтығы туралы анықтама.
  6. Мемлекеттік бажды төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.
  7. Басқа мемлекет азаматтығының жоқтығы немесе оны тоқтатқаны туралы анықтама.
Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close