Жаңалықтар

Мобилография және ҚазҰУ

Қарашаның 14-жұлдызында “Адырна” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен “Жастарды әлеуметтендіру және оңалту” аясында ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде өткен мобилограф - Ислам Иманалидің шеберлік сағатында “Кино&Медиа” мамандығы төбе көрсетті. Шеберлік сағатында белгілі мобилограф Қыран Талапбектің түлегі Ислам мобилографияны үйрену бізге несімен тиімді екенін, алғашқы табысты қалай, қайдан табу керек екенін үйретті.

Исламның айтуынша, мобилографияны тек табыс көзі ретінде қарастырмау үшін дамушы ортамен қарым-қатынаста болу керек, яғни жеке мобилограф ретінде өз қызметіңді ұсынғанда, өзің үшін қызықты, танымдық ортаны таңдау керек. Ол сән салоны, білім беру орталығы, тілдік курстар немесе коуч-тренер, жеке кәсіпкер, автоблогер, психолог болуы мүмкін. Бұл арқылы өзіңе пайдалы ақпаратты тегін алу мүмкіндігіне ие боласың, әрі өз қызметің үшін жалақы төленеді. Сондықтан, мобилографияны адамның жан-жақты дамуына септігін тигізе алады дер едім. Мобилография курсын бітірдім, әрі қарай не істеймін дейтіндерге мынадай кеңес берді: “инстаграм арқылы өзің жұмыс істегің келетін жерлерге жазып, айына 70-80 мың теңгеге өз қызметіңді ұсын. Көп жағдайда олар ұсынысыңды қабылдайды, себебі арзан бағамен компанияны тез дамытып аламыз, сені пайдаланып жатырмыз деп ойлайды. Шын мәнінде, біз оларды пайдамызға асырып, жалақысы бар тәжірибеден өтіп аламыз.

Ислам да басында 70-80 мың жалақыға жұмыс істесе, қазір айына 400-500 мың табыс табады.

Сондай-ақ бізге мобилографияның негізгі шарттарын үйретті, олар:камераны сүрту, фокусты бекіту,экспозицияны реттеу, видеоны 60 кадр секундына жылдамдықпен түсіру. Осы шарттарды ұстана отырып “Кино&медиа” студенттері қысқа роликтер түсіріп, сертификаттармен марапатталды.
Бұл шараға “Адырна” ұлттық порталының президенті Арман Әубәкір қатысып, ізгі тілегін білдірді. Шараның болашақ киносыншылар мен режиссерлер үшін пайдасы көп болды.

Жаңа мамандықтар көз ілеспейтін жылдамдықпен күн сайын пайда болып жатыр, біз де заман қарқынан қалмауымыз керек.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті “Кино&Медиа” мамандығының 1-курс студенті — Сенбек Ақмарал.
Жетекшісі: аға оқытушы, куратор — Н.Б.Рушанова

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close