Әлеумет және қоғам

Бас мүфти 94 жастағы Сағадат ақсақалды Ұмра сапарына шығарып салды

Фото: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 94 жастағы Сағадат Жұмабаев ақсақалмен кездесті, деп хабарлады qandastar.kz.

Естеріңізге салсақ, Сағадат ақсақал биыл шілдеде өзінің қажылыққа жинаған қаржысын сырқат баласы бар 30 анаға таратып, әрқайсысына 120 мың теңгеден көмек көрсеткен. Осы игі ісі үшін Бас мүфти оған қасиетті сапарға жолдама сыйлаған еді.

Ұмраға аттанар алдында ақсақал Бас мүфтиге ақ батасын беріп, алғысын білдірді. Сапар барысында оған көмекші ретінде жақын танысының баласы Дамир Акпар бірге барады.

Айта кетейік, Сағадат Жұмабаев соңғы 13 жыл бойы Павлодардағы қарттар үйінде тұрады.

 

Back to top button