Әлеумет және қоғам

Түркістан: Полицейлер эпилепсияға шалдыққан әйелге жедел көмек көрсетті

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қала тұрғыны ұлымен серуендеп жүргенде өзін кенеттен жайсыз сезінген. Оқиға орнында болған учаскелік инспекторлар жедел жәрдемді күтпей, әйелді қызметтік көлікпен ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды qandastar.kz.

Оның ұлы тәртіп сақшыларына және бейжай қарамаған тұрғындарға алғыс білдірді.

– Біз анам екеуміз қалада серуендеп жүргенбіз. Анам эпилепсия судорогымен жерге құлады. Бірақ сол маңайда жүрген сақшылардың дер кезінде көрсеткен көмегімен анамды уақытында ауруханаға жеткіздік, – деді ұлы.

Полицейлердің жедел шешімі әйелдің өмірін сақтап қалуға көмектесті.

Back to top button