Әлеумет және қоғам

Ақтауда сұйытылған газ тапшылығы сезіліп жатыр

Фото: видеодан скрин

Ақтау қаласында сұйытылған мұнай газы (СМГ) тапшылығы байқалып, газ құю бекеттерінде ұзын-сонар кезектер пайда болды. Бұл жағдай тұрғындар арасында алаңдаушылық тудырып отыр, деп жазды qandastar.kz

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше:

  • Облыс — СМГ-ның ірі тұтынушыларының бірі.

  • Ай сайынғы тұтыну көлемі 18 000 тонна шамасында.

  • Газдың негізгі бөлігі Қазақ газ өңдеу зауытынан жеткізіледі.

  • Қалған жетіспейтін көлем Атырау зауытынан тасымалданады.

Газ тапшылығының басты себебі — жергілікті өндірістің сұранысты толық жаба алмауы, ал сырттан келетін газ жеткізу жолдары мен көлемі жеткіліксіз немесе кешіктіріліп жатыр.

Back to top button