Жаңалықтар

Блогер Жанәбіловтерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің мәлімдеуінше, блогерлер Жанәбіловтерге Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігі (Заңсыз кәсіпкерлік) бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды qandastar.kz.

Сот материалдары құқықбұзушылық белгілерін анықтап, іс тиісті органдарға жолданған. Қазіргі таңда блогерлердің табысы мен жұмсаған қаражаты тексеріліп жатыр. Агенттік тексеру аяқталған соң олардың әрекетіне құқықтық баға береді. Тергеу шамамен екі айға созылады.

Еске салайық, олар Instagram-да 10 көлік пен басқа бағалы сыйлықтарды ойнатқан еді.

Айта кету керек, блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты әкімшілік іс материалдарынан қылмыс құрамы анықталып, олар Астана қалалық Экономикалық тергеу департаментіне жіберілген еді.

Back to top button