Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин отставкаға кету мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды qandastar.kz.
Журналистер министрліктің салық реформасына қатысты бірқатар бастамалары қоғамда сынға ұшырағанын және әлеуметтік кернеу артқанын атап өтті.
«Шенеунік белгілі бір жағдайда ғана отставкаға кетеді. Сіздер мұны әлеуметтік кернеу дейсіздер, ал біз – диалог дейміз. Үкімет кулуарда шешім қабылдаған жоқ. 18 шілдеде Президент заңға қол қойды, сол күні кешке мен “Атамекен” палатасында алғашқы түсіндіру жұмысын өткіздім. Содан бері тоқтаған жоқпыз – түсіндіру топтары бүкіл елді екі рет аралап шықты», – деді Жұманғарин.
Министрдің айтуынша, ведомство қоғаммен ашық диалог орнату үшін түсіндіру жұмыстарын жалғастырып келеді.