Азаматтық алу

Баланың азаматтығы

Бала туған кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайындағы баланың азаматтығы Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала: Қазақстан Республикасының аумағында туса; Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады. Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығында болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесі Қазақстан Республикасының азаматы деп танылып, әкелігі анықталған ретте 14 жасқа толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болады. Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады Ата-аналары баланың азаматтығы туралы келісімге келмеген жағдайда, азаматтық сот тәртібінде анықталады. Ата-анасы белгісіз баланың азаматтығы Ата-анасының екеуі де белгісіз Қазақстан Республикасы территориясындағы бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Азаматтығы жоқ адамдардың баласының Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close