Жаңалықтар

Қазақстан танымал блогерге іздеу жариялады

Қазақстанда танымал треш-стример Mellstroy-ға (Андрей Бурим) ресми түрде іздеу жариялады. Бұл ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика порталында тіркелді, деп жазады qandastar.kz

Қараша айының басында Mellstroy-дың арналарын оның туған елі Беларусь экстремистік деп таныған болатын. Бұл шешім стример ұйымдастырған «конкурстан» кейін қабылданған, себебі аталған іс-шаралар елдің бірнеше қаласында бұзақылықтар мен заңсыз жаппай акцияларға түрткі болған.

Іздеуді бастауды Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) ұсынған. Ал іздестіруді Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргіуде. ҚМА блогерге не үшін іздеу жарияланғаны туралы ақпаратты кейінірек беретінін мәлімдеді.

Mellstroy 2017 жылдан бері танымал, бастапқыда ойын стримері болған, кейін алкоголь, челлендждер мен провокациялық контентке негізделген лайв-шоу форматқа көшкен. Аудиториясы – ТМД жастары, ал Instagram, Twitch, YouTube сияқты платформаларда миллиондаған жазылушылары бар.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button