
Жуырда абыз ақынның ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден өткен болатын.

Әнші Димаш Құдайберген Мұхтар Шахановтың үйіне арнайы барып, көңіл айтуын жеткізді.
Бұл туралы қоғам белсендісі Берік Ағыбаев өз әлеуметтік желісіндегі парақшада жазды.
«Қайғысына ортақтасып, жүрегіне жазылмас жара салған бұл ауыр күнде ағамыздың шаңырағында құран бағыштағанының өзі бір көрегенділік», — деп жазды ол.
Айта кетері, Мұхтар Шаханов осымен екінші ұлынан айырылып отыр.
2021 жылы Рауан Шаханов дүниеден өтті.