Алматыда желі қолданушысы қоғамдық көлікте орын алған әсерлі оқиғамен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz.
Оның айтуынша, автобуста 80 жастағы қария өз қолымен жазған кітабын сатып жүр. Жазушы ата еңбегін ресми түрде жариялап, дүкен сөрелеріне шығарғысы келгенмен, оған рұқсат ала алмаған.
«Бүгін автобуспен келе жатқанда, ата кітап сатып жүр екен. Айтуынша, дүкендерде сатылуы үшін жарияламақ болған, бірақ рұқсат етпепті. Кітабы қазақ тілінде, өмір жайлы. Мені қатты толқытты, кім көмектескісі келеді?», — деп жазды ол.
Жазба жарияланғаннан кейін мыңдаған қазақстандықтар қарияны тауып, оның еңбегін сатып алып, қолдау көрсетуге ниет білдірді. Тіпті «100 кітапты бірден қалай алсам болады?» деп жатыр қазақстандықтар.



