Әлеуметтік желілерде танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әртүрлі концерттердегі бишілермен бірге орындаған қойылымдарынан құралған видео тарады, деп жазады qandastar.kz.
Бейнежазбада әншінің сахнадағы түрлі хореографиялық элементтері көрсетілген.
Димаш тек ерекше вокалымен ғана емес, сонымен қатар сахналық пластикасы және орындаушылық шеберлігімен де көпшілікті тәнті етті. Пікір қалдырған желі қолданушылары оның жан-жақты талантын атап өтіп, орындауына жоғары баға берді.
Видео 600 мыңнан аса қаралым жинап, шамамен 25 мың лайк пен көптеген пікірге ие болған.
«Қыз еңкейгенде Димаш ақырын итеріп жіберіпті»,
«Ойбай, Димаш, не болып жатыр өзі?»,
«Димаш, сенің ондайың жоқ еді ғой. Жақсы бала едің ғой»,
«Бұл – артистік жұмыс қой, сценарий бойынша шығар»,
«Ол ересек ер адам, қалай билеу – өз құқы. Әнші болса да, темір емес қой. Оның да сезімі бар, бұл – қалыпты нәрсе», — деп жазды желі қолданушылары.
@nikyangga84 I hope no one gets mad because of this video✌️🫣 let's burn the stage babe @Dimash Qudaibergen 🔥🔥 #dimash #dimashkudaibergen #dimashqudaibergen ♬ Originalton — MilanoDealsⓂ️