Оралмандар – Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар Оралман мәртебесін алған адамдар ҚР кең жеңілдіктер спектріне ие. Олардың негізгілері: жұмысқа орналастыруда, біліктілігін арттыруда және жаңа кәсіпті меңгеруде көмек көрсету; мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру үшін жағдай жасау; ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте Қарулы күштер қатарындағы қызметтен босату; орта кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарына түсу үшін квоталар бөлу; мұқтаждар үшін мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде, сондай-ақ әлеуметтік қорғау мекемелерінде орындар беру; зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу; азаматтығы қалпына келтірілгендердің жаппай қуғын-сүргін құрбандары үшін берілетін өтемақыға құқықтарын іске асыру; ҚР кіруге виза беру үшін консулдық алымдардан босату; заңнамаға сәйкес кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін алу; ҚР азаматтарына көзделген атаулы мемлекеттік көмек көрсету; шекара арқылы кедендік төлемдер мен салықтарды төлеусіз өту; тұрақты мекенжайына ақысыз жол жүру және жолжүгін (соның шінде малды) алып өту; келген жерінде тұрғын үйді алуға қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақыны төлеу.