Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Олжас Сүлейменов Нобель  сыйлығына ұсынылды

Белгілі қазақстандық ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

— Алматыда өткен партияның V қалалық конференциясында маңызды әрі тарихи шешім қабылданды. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев белгілі жазушы, қоғам қайраткері және «Невада–Семей» антиядерлік қозғалысының негізін қалаушы Олжас Сүлейменовтің ресми түрде Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылғанын айтты, — делінген хабарламада.

Партия өкілдері бұл бастаманың ақынның Қазақстандағы ғана емес, әлемдік қауіпсіздік саласындағы еңбегін мойындаудың дәлелі екенін атап өтті.

— Сүлейменовтің «Невада-Семей» қозғалысы Семей ядролық полигонын жабуға шешуші әсер етті. Сонымен қатар Қазақстанның халықаралық белсенділігі арқасында АҚШ-тағы Невада штатындағы төрт ірі ядролық полигоны және басқа бірнеше елдегі сынақ алаңдары жабылды. Бұл — жаһандық қауіпсіздікке үлкен үлес, — деді партия өкілдері.

Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, Сүлейменов тек қазақ халқының рухани тірегі ғана емес, сонымен қатар жаһандық бейбітшілік даусын жеткізген адам. Сондықтан оның Нобель сыйлығына ұсынылуы тарихи әділеттілік деп бағаланды.

Олжас Сүлейменов — Қазақстанның Халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері (1991), Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (Абай атындағы, 1973), Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1967). «Тарлан» сыйлығының, «Барыс» орденінің І дәрежесінің иегері. Түрлі мемлекеттік наградалармен марапатталған. 1989 жылы «Невада-Семей» антиядерлік қозғалысын құрған.

 

Back to top button