Жаңалықтар

«Porsche қаладым»: Бойжеткен жігіті сыйлаған Zeekr көлігін ұнатпай қалған

Әлеуметтік желіде тараған видеода жігіт сүйіктісіне жаңа Zeekr электрокөлігін сыйлайды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі naiza.news парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алайда қыздың реакциясы көпшілікті таңғалдырды. Ол сыйлықтан суыққанды түрде бас тартып, «Мен Porsche армандап едім» деп айтқан.

Жігіт аңтарылып қалған сәт желі қолданушыларының ашуын келтірді. Пікір қалдырушылар қыздың әрекетін ниетті бағаламау,  құрметтің қадірін түсінбеу деп сынға алды.

Көпшілігі «Мәселе маркада емес, қарым-қатынаста. Аяқ киім әпер, жаяу жүрсін», «Ондай адамға ештеңе де жақпайды»,  деген пікірлер жазуда.

Back to top button