Жаңалықтар

Қарағанды облысында дәмханада газ баллоны жарылды

Қарағанды облысының Мойынты станциясында төтенше жағдай болды: газ баллонының жарылысы шағын дәмхананы бірнеше секунд ішінде жалынға орады. Зардап шеккендер шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, ал мамандар оқиға орнында жұмысқа кірісті,  деп жазады qandastar.kz. ақпараттық агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысының Шет ауданында, Мойынты станциясында жол бойындағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, артынша ғимарат лезде өртке оранған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімдері жеткен сәтте нысанның бүкіл аумағында ашық және қарқынды жану тіркелген.

Зардап шеккендер дереу жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізілуде. Медициналық мекеме оларды қабылдауға алдын ала дайындалып, төсек-орын мен шұғыл көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.

Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан 9 адам зардап шеккен.

Back to top button