Қақаған қыстың суығында ауына мол балық түскеніне қуана білген ер азамат балаларына видео жолдап, жүрек тебірентер сөз айтты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі maskara_news парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Пойыздарыңа ақша табылды», — дейді ол бейнежазбада.
Осы бір қарапайым ғана сөз көпшіліктің көңілін босатып, көзге жас үйірді.
«Бұл — балаларымның несібесі» деген әкенің шынайы қуанышы мен адал еңбегі желі қолданушыларының зор қолдауына ие болды. Көпшілік оны мақтап, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.