Қазақстандық зілтеміршілер Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен халықаралық жарыста табысты өнер көрсетті, деп жазады qandastar.kz.
65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ақмолда Сайрамкез қарсыластарынан оза шауып, алтын медаль иеленді. Ал 77 келіде бақ сынаған Аянат Жұмағали да жоғары нәтиже көрсетіп, турнир чемпионы атанды. Сондай-ақ 86 келіге дейінгі салмақта Сания Орманбаева жеңіске жетсе, 86 келіден жоғары салмақта Ақерке Байманап үздік шықты.
Бұдан бөлек, 77 келі салмақта өнер көрсеткен Марта Давлетиярова финалда сәл ғана ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Осылайша Қазақстан ұлттық құрамасы аталған турнирді 4 алтын және 1 күміс медальмен қорытындылады.


