ҚР азаматтығын алу

Оралман мәртебесін алғандарға қандай көмек көрсетілуі тиісті

http://egov.kz/cms/kk/articles/oralman_rk

 

Оралмандарға, этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы.

«Оралман мәртебесін» алған тұлғалар және олардың отбасы мүшелері келесімен қамтамасыз етіледі:

  1. Оралмандарды бейімдеу және біріктіру орталықтарындағы тегін бейімдеу және біріктіру қызметтері, олар мыналарды қамтиды:
  • ақпараттық және анықтамалық қызметтерді ұсыну;
  • аударма бойынша қызметтерді көрсету;
  • жұмысқа орналастыруда, кәсіби дайындықта, қайта даярлауда және біліктілікті арттырудағы көмек;
  • Қазақстан Республикасы тарихы, мәдениеті және дәстүрі бойынша, заңнама негіздеріне және шағын бизнесті ашу бойынша оқыту курстарын өткізу;
  • әр түрлі мәдени іс-шараларды өткізу;
  • құқықтық көмек көрсету (кеңестер, консультациялар беру және оралмандарды қабылдау, азаматтық, әлеуметтік жәрдемақыларды алу өңірлік квотасына енгізуге тіркелу, өтініш беруде көмек көрсету);
  • қазақстандық азаматтық алу және құжаттандыру мәселелеріне жәрдемдесу;
  • тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін алуға жәрдемдесу;
  • мемлекеттік және орыс тілдерін оқыту;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмект алуға жәрдемдесу;
  1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмек;
  2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымына оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар үшін қабылдау квотасы көзделеді.
  3. Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең әлеуметтік қорғау.
  4. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close