2026 жылғы 14 қаңтар күні таңертең Астананың Есіл ауданында жүргізушіге қатысты қарулы шабуыл жасалды, деп жазады qandastar.kz сайты Alash.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиғадан Ішкі істер министрлігіне қарасты «Сұңқар» арнайы жасағының қызметкері зардап шеккен.
Жол жиегіне аңшы мылтығымен шыққан белгісіз адам көлікті тоқтатып, жүргізуші сыртқа шыққан сәтте оған оқ атқан. Шабуыл салдарынан 1990 жылы туған зардап шегуші жауырын, мойын және қабырға тұсынан жарақат алып, мылтық дүмімен соққы көрген. Ол өзін қорғау мақсатында шабуылдаушыны автокөлікпен қағып кеткен.
Полиция департаменті жәбірленушінің құқық қорғау органында жұмыс істейтінін растады, алайда оқиға кезінде ол еңбек демалысында болған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 2004 жылы туған, бұрын сотталмаған күдікті ұсталды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram