Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Қазақстанда өндірілетін автокөліктерді Еуропа нарығына экспорттау мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Tizgin.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Журналистердің бұл бастама әзіл емес пе деген сұрағына вице-министр: «Бұл әзіл емес», – деп жауап берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталған бағыт бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Сапарбековтің сөзінше, Қазақстан автокөлік өндірісін дамыту және экспорттық әлеуетті арттыру бағытында бірқатар мүмкіндіктерді пысықтайды.