Ресейдің Сургут қаласында резонанс тудырған оқиға орын алды. Жергілікті сауықтыру орталықтарының бірінде әке бір жасар баласын -30 градус аязда мұз ойығына үш рет батырып алған. Оқиға бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Syrmedia парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеода баланың қатты қорқып, жылап жібере жаздағаны байқалады. Бұл жағдай желі қолданушыларының ашуын тудырып, көпшілік әкенің әрекетін жауапсыздық деп бағалады.
Алайда сауықтыру орталығының өкілдері баланың денсаулығына ешқандай қауіп төнбегенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, баланың әкесі сегіз жылдан бері «морж» болып, яғни суық суға шомылумен айналысады. Мұзды суға түскеннен кейін әкесі мен баласы бірге моншаға барған.