АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газадағы Бейбітшілік кеңесінің құрамына шақырды. Бұл ақпаратты Qandastar.kz ақпарат порталы Tengrinews сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев әлем көшбасшыларының ішінде алғашқылардың бірі болып аталған кеңеске ресми шақырту алған. Сонымен қатар Қазақстан жаңа халықаралық бірлестіктің құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болуға ұсыныс қабылдаған.
«Иә, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Газадағы Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырту алды. Мемлекет басшысы АҚШ президентіне жолдаған жауап хатында көрсетілген сенім үшін шынайы алғысын білдіріп, осы жаңа бірлестіктің жұмысына қатысуға келісімін растады», – деді Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
Айта кетейік, Газадағы Бейбітшілік кеңесі аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге бағытталған халықаралық алаң болмақ.