Құқық

Оралмандардың ҚР құқықтары мен міндеттері

Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері келесіге құқылы:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен алу.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлері;
  • қолдағы құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін  аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және тегінің қазақ тілінде дұрыстап жазылуы;
  • заңды тұлға құрмай-ақ  жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру.
  • қызметтік немесе жеке тұрғын үй болмаған жағдайда оралмандардың бейімделу және интеграция орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында уақытша бір жылдан аспайтын мерзімге тіркеуге тұру.

Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға оралман мәртебесін беру туралы олардың өтініштерін қарау және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін қажетті шынайы мәліметтер ұсыну;
  • денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық тексеруден өту, екпелерді алуға, емдеу курсынан өтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындау;
  • оралмандардың бейімделу және интеграция орталықтарына жолдама алған кезде онда үш күнтізбелік күнге көшуге және көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген болу кезеңі аяқталғаннан кейін берілген үй-жайды босату;
  • уақытша орналастыру орталықтарында және оралмандардың бейімделу және интеграция орталықтарында болудың белгіленген тәртібін сақтау.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close