Жаңалықтар

«Мәди Ахметовті де қосу керек»: Конституциялық комиссияға жас журналистің енуі пікірталас тудырды

2026 жылғы 21 қаңтарда Мемлекет басшысы «Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, комиссия елдегі конституциялық реформаларды әзірлеумен және талқылаумен айналысады. Комиссия құрамына түрлі сала өкілдері енгізілген. Олардың қатарында журналист, «President» тележобасының жүргізушісі Әділ Балтабаев та бар. Бұл туралы Qandastar.kz порталы Тhreads желісіндегі arafat_m01 жазбасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Аталған тағайындау әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, әртүрлі пікірлер айтылды. «Масқара болды ғой, енді Конституцияны бір белгісіз шабарман жаза ма? Онда Мади Ахметовті де қоса салмай ма? Осылардың бәрінен әбден шаршадым, мына жүздерді көргім келмейді». «Енді Нұрлан ағаны Қоянбаев деп атай беруге бола ма?», «Құрамға әртүрлі сарапшылар кірді, оның ішінде журналистер де бар. Әділдің бұл жұмысты атқара алатынына сенемін» делінген жазбаларда.

 

Back to top button